«Сергек» камералары арқылы биыл астаналықтарға 3,2 млрд теңге айыппұл салынған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының сақшылары жол ережесін бұзудың жарты миллионнан астам фактісін тіркеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Бауыржан Тоқжұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 7 айында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жол қозғалысын қадағалау кезінде 4 млрд 639 млн 481 мың 646 теңге сомасына 542 612 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Соның аясында 3 млрд 647 млн 778 мың 893 теңге өндірілді. Өндіріп алу көрсеткіші – 78,6%», - деді ол брифингіде.

Бөлім бастығының сөзіне қарағанда, аталған құқық бұзу фактілерінің 422 339-ы «Сергек» камералары арқылы тіркелген. Ол фактілер негізінде 3 млрд 207 млн 892 мың 304 теңге айыппұл салынған.

Бұған дейін «Сергек» жобасына бөлінген қаражат 2023 жылдың соңында бітетіні туралы мәлім етілген болатын.


Соңғы жаңалықтар