«Сергек» арқылы алматылықтарға 7 млрд теңге айыппұл салынды
Ернұр Әбжаханның айтуынша, бүгінгі күні қалада 2284 «Сергек» бейне-бақылау камерасы жұмыс істеп тұр.
«2020 жылдың қортындысы бойынша, жолдағы өлім-жітім 48%, жол-көлік оқиғалары 29%, жарақат алған адамдармен болған жол-көлік оқиғалары 30% төмендеді. 16 айда қала бюджетіне 7 миллиард теңге түсті «, - деді спикер.
Оның айтуынша, «Сергек» жүйесі жол ережелерін бұзушыларды анықтауға мүмкіндік берді. Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 25 бұзушы, жалған мемлекеттік тіркеу белгілері бар 9 бұзушы, жол ережесін тұрақты бұзушылар анықталды. Жалпы, 144,6 млн теңге сомасына 11 мыңға жуық ұйғарым шығарылды.
«Сондай-ақ, әділет және мемлекеттік кірістер департаментімен бірге салық берешегі бар және 1,2 млрд теңгеге алимент төлеуден жалтаратын тұлғалар анықталды. Мұндай борышкерлердің 23 көлігі қарызды төлеуге дейін мамандандырылған айыппұл тұрақтарына орналастырылды»,-дейді спикер.