+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Сергеевка су қоймасында су ернеуінен асып төгіліп жатыр

2020 жылғы 8 сәуір 11:05
Бөлісіңіз:
Сергеевка су қоймасында су ернеуінен асып төгіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы шағын өзендерде мұз құрсауының бұзылу процесі жалғасып, Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп келе жатыр. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шағын өзендерде мұз кептелісі және су деңгейінің көтерілуі байқалады. Осыған орай 6-7 сәуірде Айыртау аудана қарасты Гусаковка елді мекені тұсында Бабықбұрлық өзенінде, Ғ.Мүсірепов ауданында, Рузаевка елді мекеніне жақын маңда Ақанбұрлық және Жембармақ өзендерінде мұзды жаруы жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 3 су қоймасын мониторингілеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сергеевка су қоймасы 122,64 пайызға лық толып, су 127 сантиметрге ернеуінен асып төгілуде. Су қоймасы бар Петропавл су торабы 95,76 пайызға, Шағалалы су қоймасы 77,5 пайызға толған», - деп атап өтеді комитеттен.

Ведомство мәліметінше, су тасқыны қаупі бар аудандарда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күші мен құралдары жіберілген. Атап айтқанда, Уәлиханов, Тимирязев, Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарына 63 маман, 19 техника, 8 су сорғыш және 5 жүзу құралы көмекке барған.

Өзендердегі су деңгейіне мониторинг жүргізіліп, кептелген мұзды бөлшектеу жұмысы жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT