Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан Президенті қызметіне кірісті

None
None
АШХАБАД. ҚазАқпарат – Бүгін Түрікменстан астанасында жаңа сайланған Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовты ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Түрікменстан бүгін» мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім Рухыет сарайында өтті. Шараға ел Парламентінің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, әскери және құқық қорғау ведомстволарының, Орталық сайлау комиссиясы мен қоғам өкілдері және өзге де шақырылғандар қатысты.

Айта кетейік, Түрікменстанда кезектен тыс Президент сайлауы 12 наурыз күні өтті. Сайлауға 3 саяси партия мен 6 бастамашы топтан 9 кандидат қатысты. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, ел Президенті лауазымына сайлаушылардың 72,97% пайыз даусын алған Түрікменстан Премьер-Министрінің орынбасары Сердар Бердімұхамедов сайланды.

Сердар Бердімұхамедов өзінің президенттік лауазымын өз еркімен тапсырған елдің бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың баласы.


Мәдибек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар