Сербиялық маман «Астана» футбол клубының бас бапкері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сербиялық маман Срджан Благоевич «Астана» футбол клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат футбол клубының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«Срджан Благоевич өз елінде түрлі клубтарды жаттықтырған және мол тәжірибесі бар. Жұмыс істеген соңғы командасы ақтаулық «Каспий», бұл команданың тізгінін екі жыл ұстап, ұжымды жоғары деңгейге шығара алды», делінген хабарламада.

Сербиялық Срджан Благоевич «Астана» футбол клубымен екі жылға келісімшарт жасады.


Еске сала кетсек, елордалық клуб 2021 жылға арналған бюджеті 5 миллиард теңге екенін жариялаған болатын.

КПЛ-2021 қорытындысы бойынша, «Астана» екінші орын алды. Біріншілік аяқталғаннан кейін бас жаттықтырушы Андрей Тихонов командадан кетті.

Соңғы жаңалықтар