Сербиядағы турнир: Қазақстандық боксшы қыздар ерекше стилімен назарға ілікті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияның Сомбор қаласында «Ұлт кубогы» деп аталатын халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы қыздар бұл додада сәтті өнер көрсетті: Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) алтын медальге қол жеткізсе, тағы 12 аруымыз ақтық сынға жолдама алды. Олар: Шырайлым Бақытжан, Алман Қаршыға, Алина Тырлубаева (бәрі - 48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан, Аида Тұяқбай (екеуі де - 54 кг), Назым Ишанова (57 кг), Карина Ибрагимова (60 кг), Мадина Нұршаева (64 кг), Дариға Шакимова, Ақерке Бақытжан (екеуі де - 75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг).

Финалдық кездесулер бүгін өтеді.

«Қазақстан бет қаратар емес. Боксшы қыздар ел есінде қалды. Олар жай ғана жеңіске жетіп қойған жоқ, оған қоса шабуылдай жүріп ұрыс салатын ерекше мәнер көрсетті. Оларға қарсыластары шыдас бере алмады», деп жазады жергілікті Soinfo.org.

Соңғы жаңалықтар