Сербия Президенті Александр Вучич Елбасына Тәуелсіздік күнінен орай жеделхат жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына ұлттық мерекеміз - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды дамыту барысында қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.

«Сіздің дана басшылығыңыздың, көрегендігіңіздің, күш-қуатыңыздың әрі іске адалдығыңыздың арқасында Қазақстан ширек ғасырдан астам уақыт бойы табысты дамып, үлкен жетістіктерге жетіп, әлемде зор беделге ие болды. Сіз «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген мақсат-міндеттерге қол жеткізесіз деп сенемін», - делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, өздерінің жеделхаттарында Иордания Королі ІІ Абдалла, Швеция Королі Карл Густав, Оман Сұлтаны Кабус бен Саид, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Нгуен Фу Чонг, Малайзия Жоғарғы билеушісінің орынбасары Сұлтан Назрин Муиззуддин Шах Қазақстан халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілейді.

Соңғы жаңалықтар