Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

2018 жылғы 8 желтоқсан 02:26 57
Бөлісіңіз:
Сенбіге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат -«Қазгидромет» РМК 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстаның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, аязды жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республикның батыс және оңтүстік аудандарда фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, жел күтіледі. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел 17 м/с күшейеді. Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде жел 18 м/с соғады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT