Сенбіде Павлодарда азық-түлік әлеуметтік бағамен сатылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Ертең 28 тамызда Павлодар қаласының түкпір-түкпірлерінде азық-түлік әлеуметтік бағамен сатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өндірушілер павлодарлықтарды келесі мекен жайлар бойынша күтеді: вокзал ауданы «Отау» дүкеніне қарама-қарсы, диспетчер шағын ауданы «Керуен» СҮ қарама-қарсы, «Алатау» СҮ ауданы, Усолка шағын ауданы «Арбат» дүкеніне қарама-қарсы, шығыс шағын ауданы «Сибирь» дүкенінің жанында, «Квазар» СҮ қарама-қарсы және Химгородок ауданы «Полина» базары.
Сатылымда: 10 дана жұмыртқа - 280 теңгеден, өсімдік майы - 620 теңгеден, картоп пен сәбіз - 90 теңгеден, қырыққабат - 110 теңгеден, пияз - 130 теңгеден.
Әлеуметтік баға бойынша Ак. Сәтбаев, 21/1 және Ак. Шөкин көшесі, 38 мекен жайлары бойынша орналасқан «Альтаир» дүкенінде және Ак. Сәтбаев көшесі, 253 бойынша орналасқан «Нұрай» дүкенінде кг. 1750 теңгеден сиыр еті сатылатын болады. Сондай-ақ, Красноярская көшесі, 1 мекен жайы бойынша орналасқан «Мясная лавка» дүкенінде «Ахметова» ЖК Кедр ӘКК ет өнімдері сатылады.
Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастырған қаланың шағын аудандарындағы сауда 28 тамыз күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар