Сенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

27 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Түркістан облысының солтүстігі және таулы аудандарында 2 градус үсік сақталады.

27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы да ықтимал. Оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Сенбі күні Өскемен қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.

27 сәуірде Семей қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар