+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Сенбі күні 6 облыста аптап ыстық болады

2020 жылғы 30 мамыр 00:48
Бөлісіңіз:
Сенбі күні 6 облыста аптап ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
5 шілде күні ауа райы қандай болады Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады Алдағы үш күн Атырау облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

«30 мамырда Қазақстанның басым бөлігі әлі де жоғары қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, батыс және шығыстағы облыстарының жекелеген аудандарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады», делінген болжамда.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, күндіз кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстауда желдің 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT