USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Сенбі күні ауа райы қандай болады

2021 жылғы 4 желтоқсан 00:34
Бөлісіңіз:
Сенбі күні ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
20 қаңтарда күн райы қандай болады: «Қазгидромет» болжамы Бүгін Павлодарда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады Жаңақорған кентінің көшелерін толассыз жаңбыр суы басып қалды

Қазақстанның солтүстігі, шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Жаңбыр мен қар жауады, солтүстікте, шығыста көктайғақ және жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста күндіз шаңды дауыл болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшейюі күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандары мен тау бөктерлерінде тұман, күндіз оңтүстік-батысында, солтүтүстік-шығысында шаңды дауыл, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдіңдің күші 15-23 м/с жетеді.

Павлодар облысының жолдарында көктайғақ, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының жолдарында көктайғақ, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, түнде батысында қатты жел соғады.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Атырау, Маңғыстау, Ақмола, облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT