+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Сенбі күнгі ауа райы болжамы

2019 жылғы 15 маусым 04:11
Бөлісіңіз:
Сенбі күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Республиканың тек батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей өңірлерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерін тұман басып, жел 18 м/с күшейеді, бұршақ жаууы иқтимал.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-22 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылода облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында желдің күші 23 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 күшейіп, шаңды дауылмен екпіні 23 м/с артады, дауыл, бұршақ болжанады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, бұршақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз тұман болып, жел 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT