+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Сенаттың журналистерге арналған байқау ережесі өзгерді

2020 жылғы 8 сәуір 22:08
Бөлісіңіз:
Сенаттың журналистерге арналған байқау ережесі өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша журналистерге арналған «Аманат» байқауының ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар дәрігерлік оқу орындары жұқпалы ауру мамандарын дайындау керектігін айтты Қазақстан жаңалықтарын Италияның жетекші ақпараттық агенттігі таратуда «Balapan» телеарнасына - 10 жыл

«Байқауды өткізу тәртібіне маңызына байланысты тағы бір бағыт қосылды – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері коронавирус індетімен күресіп жатқан және оның залалдарын жоюға белсенді қатысатын мамандардың қызметін жария ететін болады. Төтенше жағдай кезіндегі еліміздегі ауқымды шараларға белсене атсалысып жатқан медицина, ішкі істер органдары, арнаулы мемлекеттік органдар, әскерилер, еріктілер, азаматтар мен басқа да ұйым мамандарының біліктілігі, батылдығы мен батырлығы дәріптелген материалдар ерекше бағаланады», - делінген Парламент Сенаты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, ҚР Сенаты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және блогерлер арасында Сенат материалдары бойынша үздік зерттеуге арналған «Аманат» және экологиялық журналистикаға арналған «Туған ел» байқауын жариялаған болатын.

«Аманат» байқауы Сенат қызметі туралы Қазақстан жұртшылығының хабардар болуын арттыруға арналған. Байқауға түсетін жұмыстарда Сенат депутаттарының заңдарға енгізген түзетулерінің маңызы мен ерекшелігіне және олардың проблемаларды шешуге, сондай-ақ депутаттардың аймақтар мәселелерін қарастыруға қатысты өзекті материалдар ескеріледі.

«Туған ел» байқауының қатысушылары өз материалдарында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қалың жұртшылықтың назарын аударуы, азаматтардың экологиялық қолайлы және қауіпсіз ортада тұру құқығын қорғауға, сондай-ақ экологиялық проблемаларды жария етуге, тірі табиғаттың биоалуантүрлілігін сақтауға журналистерді тартуы тиіс.

Байқауға журналистер, республикалық және аймақтық телеарналар мен газеттердің, интернет басылымдар мен радиолардың қызметкерлері, блогерлер қатыса алады.

Байқауға 1 қыркүйек пен 5 мамыр аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған авторлық ұжымдардың, жеке авторлардың материалдары қатысатын болады. Байқау өткен жылдың 1 қарашасынан басталды. Материалдар биылдың 12 мамырына дейін қабылданады, 20 маусымда қорытындылау жоспарланып отыр.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады. Байқауға қатысты толық ақпаратты Парламент Сенатының сайтынан, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардан білуге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT