Сенаттың тұрақты комитеттерінің мүшелері сайланды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының тұрақты комитеттерінің мүшелері сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина комитеттерді жасақтау барысында депутаттардың бұған дейінгі жұмыс тәжірибесі ескерілгенін айтты.

Сонымен, Андрей Лукин төрағалық ететін Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне: Айнұр Арғынбекова, Нұрлан Бекназаров, Евгений Больгерт, Мұрат Қадырбек, Советбек Медебаев, Амангелді Толамисов, Қайрат Тастекеев мүше болып сайланды.

Ал, Сұлтанбек Мәкежанов төрағалық ететін Қаржы және бюджет жөніндегі комитетке: Нұрлан Бекенов, Сергей Карплюк, Нүрия Ниязова, Амангелді Нұғманов, Бекбол Орынбасаров, Бекболат Орынбеков, Серік Өтешев мүше болды.

Асқар Шәкіров төрағалық ететін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне: Жанна Асанова, Сергей Ершов, Бибигүл Жексенбай, Ғалиаскар Сарыбаев, Әлішер Сатыбалдиев, Генадий Шиповских мүше ретінде сайланды.

Сүйіндік Алдашев төрағалық ететін Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетіне: Шәкәрім Бұқтұғұтов, Бауыржан Қаниев, Сағындык Лұқпанов, Әлібек Наутиев, Ғауез Нұрмұхамбетов, Ләззат Рысбекова, Серік Шайдаров мүше болып сайланды.

Ал, Нұртөре Жүсіп басқаратын Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне: Ақмарал Әлназарова, Талғат Жүнісов, Айгүл Қапбарова, Ләззат Қалтаева, Гүлмира Кәрімова, Алтынбек Нұхұлы, Руслан Рүстемов мүше болды.

Әли Бектаев төрағасы болып сайланған Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері: Ернұр Айткенов, Сәкен Арубаев, Ольга Булавкина, Сұлтан Дүйсембинов, Жанболат Жөргенбаев, Закиржан Кузиев, Арман Өтеғұлов.


Фото:t.me/aqorda_resmi

Соңғы жаңалықтар