Сенаттың комитет төрағалары қайта сайланды

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы барысында депутаттар палаталардың комитет төрағаларын қайта сайлады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын үш депутаттың өкілеттік мерзімі аяқталғандықтан босатылған болатын. Осыған орай, бірқатар комитет төрағалары қайта сайланып отыр.

Атап айтқанда, Берік Имашев Конституциялық заңнама, сот жүйесі жәнен құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Ахан Бижанов - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, Икрам Адырбеков - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды.

Ал Болат Жылқышиев Табиғатты пайдалану және ауылдық аймақты дамыту комитетінің төрағасы, Талғатбек Абайділдин - Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы, Рашит Ахметов - қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды.

Соңғы жаңалықтар