Сенаттың келесі отырысында қаралатын заң бекітілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2022 жылғы 1 желтоқсанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соған сәйкес алдағы палата отырысында сенаторлар «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарайды.

«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» туралы заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік саясатты үйлестіруді күшейтуге, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызметті реттеудің жалпыға бірдей танылған халықаралық қағидаттары мен тәсілдерін енгізуге бағытталған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі міндеттері - Қазақстанды жоғары дәлдіктегі геодезиялық координаттар жүйесімен қамтамасыз ету және соның негізінде бірыңғай цифрлық картографиялық негіз құру.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.


Соңғы жаңалықтар