Сенаттың Аграрлық мәселелер комитетінің жаңа төрағасы сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Палатаның Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Сергей Плотников сайланды.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі төраға қызметін атқарған С. Кулагин Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Ақмола облысының әкімі болып тағайындалған болатын. Осыған орай, жаңа төрағаның кандидатурасын сенатор М.Бақтиярұлы ұсынып, депутаттар ашық дауыс беру арқылы оған қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар