Сенатторлар қазақ-қырғыз өткізу пункттері мәселесін талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенатта Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункттерін дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттар Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Мәжіліс қабылдаған «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық жекелеген экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады

Хаттаманың ратификациялануы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы өткізу бекеттерінің инфрақұрылымын жақсартуды, атап айтқанда оларды жайластыру және материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша екі жақты уағдаластықтарды орындау мерзімдерін ұзарту жөніндегі ынтымақтастықты көздейді.

Заң Еуразиялық экономикалық Одақ құқықтары құралатын халықаралық шарттар мен актілердің кедендік құқықтық қатынастарын реттейтін талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша Заңды Палата отырысының қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.


Фото: senate.parlam.kz

Соңғы жаңалықтар