Сенатта реформаға бағытталған 63 заң қаралып, қабылданды - Ерік Сұлтанов

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Сенаторлар Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенат депутаттары Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Ерік Сұлтанов әріптестерін палатаның сессия барысында атқарған жұмысы туралы хабардар етті.

Ол Сенатта Мемлекет басшысы белгілеген барлық негізгі бағыттар бойынша реформаларды іске асыруға бағытталған 63 заң қаралғанын және қабылдағанын хабарлады.

Сенатор Ольга Перепечина бюджет саясатының неғұрлым маңызды мәселелеріне және әлеуметтік саладағы жобаларды қаржыландыру ісіне тоқталды.

Ол өңірлерге осындай сапарлар сенаторлар үшін халықпен кездесуге, заңнамалық өзгерістер туралы айтуға, сондай-ақ қазіргі проблемаларды жерлестермен талқылауға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.

«Қазір жұмысымыз өңірлерде жүріп жатыр. Біз азаматтармен кездесу өткізудеміз. Қайтып оралған соң, сессия ашылғаннан кейін сіздер көтерген және қазіргі кезде еліміздің әрбір өңірінде кездесетін барлық мәселелер мен міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыс атқарылады», - деп атап өтті сенатор.

Сенат депутаттары сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік пунктке барып, Мағжан Жұмабаев атындағы ауданда сүт кешенінің салыну барысымен танысты.


Соңғы жаңалықтар