USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Сенатта рақымшылық туралы заң жобасы қаралады

2021 жылғы 29 қараша 16:22
Бөлісіңіз:
Сенатта рақымшылық туралы заң жобасы қаралады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Палата төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда депутаттар Сенаттың алдағы отырысында қарауға ұсынылған мәселелерді бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы енгізілді. Заң жобасы адамгершіліктің қылмыстық-құқықтық сипаттағы бір жолғы актісі ретінде әзірленді. Құжат азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатуға бағытталған. Қауіпті, ауыр немесе аса ауыр, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстар жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Отырыстың күн тәртібіне көрнекі ақпаратты ресімдеу, орналастыру рәсімдерін жетілдіруге, діни бірлестіктерді құру және тіркеу тәртібін оңайлатуға, сондай-ақ конфессияаралық өзара іс-қимылға қолайлы жағдайлар жасауға арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қарауға енгізілетін болды.

Бюро отырысында сондай-ақ Мәжілістен бұрын келіп түскен заң жобалары одан әрі жұмыс істеу үшін Сенат комитеттеріне бөлініп берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT