+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Сенатта мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту жайы талқыланды

2019 жылғы 13 қыркүйек 14:15
Бөлісіңіз:
Сенатта мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту жайы талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатта мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болды. Жұмыс тобы Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша құрылған болатын, деп хабарлайды Жоғары Палатаның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
2024 жылы Қазақстанда 100 млн тонна мұнай өндіріледі Мәжіліс депутаты елордадағы көрнекті көшелердің біріне Жошы хан есімін беруді ұсынды Руслан Дәленов 5G желісі туралы: Хирургтер операцияны қашықтықтан жасайтын болады

Оның құрамына Сенат депутаттары, жауапты министрліктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жұмыс тобына Батыс Қазақстан облысынан сайланған сенатор Нариман Төреғалиев жетекшілік етеді.

Отырысқа қатысушылардың айтуынша, кейінгі кезде жұмыс берушілердің тарапынан мүгедектікке ұшыраған азаматтардың қызметін төмендетіп, жалақысын азайту көріністері белең алуда. Сондықтан, қолданыстағы заңдардағы жұмыс берушілерге қатысты ережелерді қатаңдату қажет болып отыр.



Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдемдесетін әлеуметтік қызметкерлер мәртебесін көтеру жайы да талқыланды. Әлеуметтік қызметкерлерді жалақысы мен білім деңгейі төмен әрі тұрмыстық жұмыстарды атқарушылар ретінде қабылдайтыны туралы айтылды. Үкіметтік емес ұйым өкілдері олардың мәртебесін заң жүзінде көтеруді, біліктілігін арттыруды және жалақыларын қайта қарауды ұсынды.

«Бізде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген заңдар бар. Алайда олардың орындалуы ойдағыдай емес. Әсіресе, жауапты органдар тарапынан осы мәселені ескермей келе жатқаны байқалып отыр. Біз барлық ұсыныстар мен бастамаларды жинақтап, тиісті органдарға құжаттар топтамасын әзірлейтін боламыз», - деді сенатор Нариман Төреғалиев.



Нариман Төреғалиев жұмыс тобы биылғы 30 қарашаға дейін жұмыс істейтінін атап өтті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды Turegaliyev@parlam.kz, Amanbayuly@parlam.kz электрондық поштасына жіберуге болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT