Сенатта мемлекеттік қызметтегі жемқорлықты жоюға қатысты заң жобасы талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатта «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚР заңнамалық актілеріне кейбір толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хаттама мемлекеттік қызметке қабылдау үшін өтетін конкурстық процедураларды оңтайландырып, мемлекеттік қызметшілердің сынақ мерзімін өту тәртібін жеңілдетуге, «мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданданғандар» түсінігін анықтауға бағытталған.

«Заң жобасында «А» және «Б» корпустарында бәсекелестіктен тыс тағайындау үшін талаптар күшейтілген. Барлық түзетулер мемлекеттік қызметке кіру, өту процедураларын жеңілдетуге және шамадан тыс бюрократияны жоюға, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігін жоғарылатуға бағытталып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жақында өткен кеңесте Президент айтқан тапсырмаларды іске асыру мақсатында бірінші басшылардың өздеріне тікелей бағыныстағы адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін дербес тәртіптік жауаптылықты енгізуді, сондай-ақ жергілікті органдардан бастап орталық органдарға дейін нормативтік-құқықтық акт жобаларының ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институтын қайтадан қалыптастыру ұсынылып отыр», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында.

Талқылаудан кейін комитет мүшелері аталған заң жобасын Сенаттың жалпы отырысының қарауына шығару туралы шешімді қабылдады.


Соңғы жаңалықтар