Сенатта қылмыскерлерді экстрадициялау туралы Украинамен арадағы шарт қаралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқыққорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Палата баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шарт 2018 жылғы 29 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында жасалған.

«Шарт іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін екі ел арасында экстрадициялау мәселелерін реттейді. Құжатта экстрадициялау үшін де, одан бас тарту үшін де негіздер қарастырылған. Шартты ратификациялау қылмысқа қарсы күресте екі ел ынтымақтастығының тиімділігін арттырады.Әрбір тарап өзінің ұлттық заңнамасы негізінде өз азаматтарын беруден бас тартуға құқылы. Осы Шарт бойынша құзыретті орган Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы болып табылады. Құжат палатаның қарауына берілді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар