Сенатта құс шаруашылығын дамытудың проблемалары талқылануда

None
None
  АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінде «Қазақстанда құс шаруашылығын дамытудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

 Жиынға Қазақстанның  құс өсірушілер одағы  бастамашылық жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Агроөнеркәсіптік секторды дамытуды ынталандыру экономиканы тұрақтандыру мен сауықтырудың негізгі бағыттары ретінде қарастырылатыны мәлім. Сонымен бірге, осы саланы қолдау мен ауыл шаруашылық тауар өнімдерін кеңейту экономикалық белсенділіктің оңтайлы артуына септігін тигізетіні анық. Осыған орай, Мемлекет басшысы бұл бағытта алдыға бірқатар нақты міндеттерді қойып отыр. Мәселен, Елбасы ауыл шаруашылығын инновациялық экономиканың бір саласы ретінде дамытып, оның экспорттық бағытын арттыру қажеттігін алға тартты. Осы бағыттардың бірі - құс шаруашылығы саласы болып табылады», деді жиынды ашып сөз сөйлеген комитет төрағасы Евгений Аман. Оның айтуынша, осы мақсатта сенаторлар ауыл шаруашылығы қауіпсіздігі туралы заңнамаға бірқатар өзгерістер де енгізген болатын. Сонымен бірге, еліміздің құс шаруашылығы ең өнімді сала болып табылатындығын атап өткен комитет төрағасы, оның бірқатар басымдылықтарына да тоқталып өтті. «Құс шаруашылығының ұдайы өндірісі тез қарқын алады әрі тиімділігі мен өтімділігі  жоғары деңгейде. Өкінішке қарай, бұл салада ұзақ жылдар бойы проблемалар  қордаланып отыр. Сондықтан да, бүгінгі жиында нақты мәселелерге қатысты шешімдер қабылдаймыз, Үкіметке тиісті органдарға ұсынымдар жолдайтын боламыз», деді Е. Аман.

Басқосуда Ауыл шаруашылық вице-министрі Арман Евниев құс шаруашылығын индустрияландырудың маңызды шарттары жөнінде баяндама жасаса, Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова  құс шаруашылығы өнімдерін импорттан тәуелділігін төмендету құралы ретінде сауда және кедендік-тарифтік саясат туралы баяндады.

Жиын соңынан құс шаруашылығын дамытудың проблемалары мен перспективаларына қатысты бірқатар ұсынымдар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар