USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Сенатта Қазақстан мен Ресейдің минералды тыңайтқыш зауытын салу келісімі талқыланды

2021 жылғы 30 қараша 17:24
Бөлісіңіз:
Сенатта Қазақстан мен Ресейдің минералды тыңайтқыш зауытын салу келісімі талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатта Қазақстан мен Ресей арасындағы минералды тыңайтқыштар зауытын салу туралы келісім талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар алдағы палата отырысында қандай мәселелерді қарайды

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Келісім аясында Жамбыл облысында қуаты жылына кемінде бір миллион тонна минералдық тыңайтқыштар мен ілеспе индустриялық өнімдер шығаратын зауыт салу көзделіп отыр.

Бұл ретте пайдалану кезеңінде химия кешені бөлігінде және аралас салаларда зауыт 1 200 жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Инвестор тарапынан инвестицияның жалпы сомасы 1 миллиард АҚШ долларынан асатын болады.

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заң жобасын палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

Сенатта сонымен қатар көрнекі ақпарат және діни қызмет туралы заң жобасы қаралды.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады.

Онда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңға деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін жазу тәртібін нақтылау көзделіп отыр.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға діни іс-шараларды өткізу мен жергілікті діни бірлестіктерді құру тәртібін оңайлататын түзету енгізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT