Сенатта Қазақстан мен Кореяның парламентаралық ынтымақтастығы талқыланды

None
Фото: senate.parlam.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг Сокпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараптар келіссөз барысында екі елдің тауар айналымы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдени алмасу саласындағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен өзара іс-қимылының келешектегі бағыттарын талқылады.

«Парламентаралық ынтымақтастық саяси үнқатысудың ажырамас бөлігі болып табылады. Оны Қазақстан басшысының 2021 жылы Корея Республикасына жасаған сапары аясында қол жеткен уағдаластықтар аясында нақты мазмұнмен байыту қажет. Біздің елдеріміздің парламенттерінде достық пен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді, олардың жұмысына қарқын беруге болады», - деді сенатор.

Ку Хонг Сок өз кезегінде екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың маңызына тоқтала келіп, мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап Қазақстан өзін сенімді саяси және экономикалық әріптес ретінде танытқанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар