+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Сенатта қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды

2019 жылғы 13 желтоқсан 14:38
Бөлісіңіз:
Сенатта қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Смайылов: Қазақстандық тауарларды ЕАЭО-ға экспорттауға 70-ке жуық кедергі бар РФ премьері ЕАЭО елдеріне цифрлық технология саласында бірқатар ұсыныс айтты Алматыда ЕАЭО «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты форумы басталды

Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Әділет, Сыртқы істер, Сауда және интеграция министрліктерінің өкілдері, басқа комитеттердің депутаттары мен Сенат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Комитет төрағасы Ольга Перепечинаның айтуынша, құжатты ратификациялау банк, сақтандыру секторларында, бағалы қағаздар көрсетілетін қызметтердің лицензияларын өзара тануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарына кемсітушіліксіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов осы заң жобасын қабылдаудағы негізгі бағыттарды белгіледі.

«Заңды жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейді. Жеке тұлғалар үшін қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға, ал кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет үшін әкімшілік кедергілерді азайтып, отандық қызмет берушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру әлеуметтік-экономикалық оң ықпал етеді», - деді ол.

Құжат Палата қарауына жіберілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT