Сенатта ғылымды дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғылым мен білімді дамыту мақсатында құқықтық базаны жетілдіру үшін Сенатта тиісті жұмыс тобын құруға болады. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстандағы ғылым мен білімнің болашағы» оқыту форсайт-сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«

Біз Қазақстанның ғылымы мен білімін дамыту мәселелері бойынша ғалымдармен, сарапшылармен, мүдделі институттармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға мүдделіміз. Осы саладағы құқықтық базаны жетілдіру бойынша да бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл бағытта күзде Сенатта тиісті жұмыс тобын құруға болады. Қазақстанда ғылым мен жоғары білімді дамыту үшін бәріміз бірге нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін

«, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы ғылымды, техника мен инновацияны дамыту – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы үнемі баса мән беріп келе жатқаны белгілі. Парламент те осы саладағы реформалар мен бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмысын белсенді жүргізіп отыр.

Айта кетейік, форсайт-сессия Сенат жанындағы Талдау мектебі аясында ұйымдастырылды.


Фото: senate.parlam.kz




Соңғы жаңалықтар