Сенатта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы құжат қаралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасы ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін күзетуге және қорғауға бағытталған.

«Бүгінде елдің экономикалық даму қарқынының өсуі және табиғи ресурстарды пайдалануды күшейту жағдайында биологиялық әртүрлілік элементі ретінде бірегей табиғи ресурстарды сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр. Қаралып отырған заң жобасының негізгі мақсаты - туризм объектілерін және ерекше стратегиялық маңызы бар құрылыстарды салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған әрі мақсаты бойынша пайдаланылмаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтару рәсімін оңайлату. Іс жүзінде мұндай жағдайлар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жерлерінде орын алып, мақсаты бойынша пайдаланылмаған босалқы жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері құрамына қайта ауыстыру мәселесі бар», - деді сенатор Әбдәлі Нұралиев.

Қаралып отырған заң жобасың қабылдау арқылы аталған мәселелерді шешумен қатар: ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени құндылығы бар әрі кері қайтарылатын жер учаскелерінде орналасқан табиғи кешендерді және табиғи-қорық объектілерін сақтау, экологиялық туризмді дамыту мен табиғат қорғау мекемелерінің өз қаражатын ұлғайту мүмкіндіктері болады күтілуде.

«Біздің пайымдаумызша, Үкімет бекітетін қағидаларда: жер учаскесін қабылдап алатын Комиссия құрылуы, қайтарылатын жерлердің жағдайын анықтау үшін арнайы іздестіру жұмыстарын жүргізілуі, орман орналастыру жобасының жасалуы қарастырылуы қерек», - деді депутат.


Соңғы жаңалықтар