USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Сенатта Балқаштың проблемалары көтерілді

2021 жылғы 2 желтоқсан 12:26
Бөлісіңіз:
Сенатта Балқаштың проблемалары көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Рысқали Әбдікеров еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында Балқаш көлінің таяздану проблемасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Андрей Лукин діни экстремизммен күрес шараларын ұсынды Сенатор жұмыссыздық туралы деректерге сенімсіздік танытты Сенат стандартты үлгілерді дамытатын келісімді ратификациялады

Сенатордың айтуынша, көлдің негізгі саласы – Іле өзені. Ол резервуарға су көлемінің 70% дейін әкеледі. Алайда, өзеннің қалыпты ағу жылдамдығы секундына 400-500 текше метрді құрауы тиіс болса, қазір бұл көрсеткіш секундына 306 текше метрді құрайды.

Мұның мүмкін себептерінің бірі – көрші мемлекет аумағындағы өзеннің жоғары ағысында реттелуі. Сонымен қатар, сенатор Балқаш көлінің жағдайына жауап беретін мемлекеттік органдардың жұмысында бірізділіктің жоқтығын атап өтті.

Соңғы 14 жылда көлді зерттеу бойынша кешенді зерттеулер іс жүзінде жүргізілмеген. Сондықтан көлдегі су деңгейінің өзгеруі туралы статистика жоқ. Сенатордың пікірінше, жұмыстағы мұндай тәсіл болашақта экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.

«Іле өзенін ұтымды пайдалануға қатысты Келісімді еліміз мүддесіне сай келетіндей етіп одан әрі пысықтауды, Балқаш көлін келешек үшін сақтау бойынша нақтыланған арнайы жоспар әзірлеуді, Іле өзені арқылы көлге құйылатын су мөлшерін арттырып, үнемдеу үшін өзенге салынған гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңартуды сұраймыз»,- деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT