+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Сенаторлыққа үміткерлердің мамандықтары қандай

2020 жылғы 13 шілде 17:06
Бөлісіңіз:
Сенаторлыққа үміткерлердің мамандықтары қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаторлыққа үміткерлердің қатарында инженер, экономист, педагог, дәрігер, журналист мамандығының иелері бар. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар полицияның сервистік моделін кеңейту мәселелерін талқылады

Оның дерегінше, үміткерлерің арасында 26 инженер, 20 экономист, 12 педагог, 10 заңгер, 10 аграрлық сала қызметкері, 4 дәрігер, 3 журналист, 1 саясаттанушы және 1 басқа мамандық иесі бар.

«Кандидаттар арасында 18 коммерциялық құрылым қызметкері, 23 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың мемлекеттік қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 9 қоғамдық ұйымдардың өкілі және 2 жұмыссыз үміткер бар. Сонымен қатар қазіргі уақытта қызмет атқарып отырған 4 сенатор өз кандидатураларын ұсынды. Қазіргі уақытта Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр. Ол осы жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады. Бүгінгі күні сайлау комиссияларымен 62 кандидат тіркелді», - деді Берік Имашев ОСК отырысы барысында.

Айта кетейік, 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі осы жылдың қазан айында аяқталады. Осылайша, 2020 жылдың 12 тамызында еліміздің жоғары заң шығарушы органы жоғарғы палатасына 17 өңірден бір-бір депутаттан сайлануы қажет.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT