Сенаторлар Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауды байқауға қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенатының бірқатар депутаты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының 2020 жылдың 4 қазанына белгіленген сайлауын байқауға қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұрат Бақтиярұлы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы миссиясының байқаушыларының құрамына енді. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының атынан сайлауды байқауға сенатор Бақытжан Жұмағұлов қатысады. Динар Нөкетаева сайлау үдерісін байқау үшін ТүркПА миссиясының құрамында жұмыс істейтін болады», - делінген ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сенаторлар сайлауды байқауға сол сайлау күні қатысады, сондай-ақ Қырғызстанның Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасымен, партиялардың сайлауалды штабының өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.
- Сенатор Атырау облысында Үкімет деңгейінде шешуді талап ететін мәселелерді атады
- Қырғызстан: Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді
- Он жылдан аса пайдаланылған автобустар бастапқы тіркеуден өткізілмейді
- Қазақстанда жүргізуші куәлігін көрсету міндетті болмайды - Сенат
-
Отандық көлік операторларының үлесін арттыруға арналған құжат қабылданды
-
Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек - Мәулен Әшімбаев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам