Сенаторлар ұшқышсыз аппараттардың өндірісі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар ұшқышсыз ұшатын аппараттарды өндіруді ұйымдастыру мәселесін көтерді. Осы мәселеге орайда ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Ағымдағы жылғы 15 сәуірде Минск қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Республика Кеңесі арасында инновациялық саладағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кіші комиссияның алғаш отырысы өтті. Екі жақты кіші комиссияның отырысында Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасының өзекті мәселелері талқыланды.

Осындай сауалдардың бірі біздің мемлекеттік органдар тарапынан толық пысықтауды қажеті ететін Қазақстандағы «ұшқышсыз ұшатын аппараттарды» бірлесе отырып өндіру туралы мәселеге қатысты болды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы «Жол картасына» қарамастан, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында «ұшқышсыз ұшатын аппараттарды» сатып алу және оларды өндіруді ұйымдастыру мәселесі бір жарым жыл бойы шешімін тапқан жоқ», - деді сенатор Төлеубек Мұқашев.

Оның атап өтуінше, Беларусь әріптестердің ақпаратына қарағанда, осы мәселеге қызығушылықты кезекпен Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қарағанды облысының әкімдігі білдіріп отыр, мұндай жағдай мәселенің шешілуін қиындатады.

«Біздің тарапымыздан аталған мәселе бойынша бірыңғай пікірдің болмауы және бейқамдық орын алып отыр. Осы жобаны іске асырудың болашаққа бағыттылығын және басымдығын, сондай-ақ Беларусь тарапының ынтымақтастыққа әзірліктерін ескере отырып, орын алған жағдайдағы мәселенің басын ашып, қажет болған жағдайда жобаны іске асыруда тиісті көмек көрсетуді сұраймыз», - деді сенатор.

Соңғы жаңалықтар