Сенаторлар Үкімет пен Есеп комитетінің есебін тыңдайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаторлар Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін палата отырысында тыңдайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы болды. Онда Палатаның алдағы отырысының күн тәртібі бекітілді.

«Депутаттар 16 маусымдағы Сенат отырысында Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі 2021 жылғы есебін тыңдайды. Сонымен қатар Палатаның отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралады. Құжатта электр станцияларында газ қондырғыларын салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құқықтық база жасау көзделіп отыр», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бюро мүшелері Мәжіліс бұрын мақұлдаған заң жобалары бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөліп берген.


Соңғы жаңалықтар