Сенаторлар туристік қызмет мәселелері туралы заң жобасын қарайтын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Палата төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюроотырысы болды. Онда депутаттар 2021 жылғы 8 сәуірде өтетін Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары жалатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар Палатаның алдағы отырысында «ҚазақстанРеспубликасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.

Келісім екі ел арасындағы көші-қон процестерін реттеу жөніндегі мәліметтер алмасуды оңайлатуға мүмкіндік береді. Осылайша, тараптар статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпаратты, сондай-ақ олардың аумағындағы екі мемлекеттің азаматтары туралы мәліметтерді алмаса алады.

Сондай-ақ Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқыға салады.

Елімізде туристік басымдыққа ие ТОП-10 аумақ белгіленетін болады.

Егер инвесторлар ол жерлерде туристік объектілердің құрылысын бастауды ұйғарса, онда сол кәсіпкерлерге жеңілдіктер беріледі.

Бюро отырысы барысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.


Соңғы жаңалықтар