Сенаторлар Төлеби ауданындағы нысандарды аралап көрді

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Төлеби ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. Депутаттар аудандағы бірқатар нысандарды аралап көіп, тұрғындармен жүздесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық қалаулылары аудандағы ірі кооперативтердің бірі «Қазығұрт бақтары» АШӨК-нің 120 га алма бауы мен «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» киелі орнындағы қонақ үйдің қызметімен танысты. Сондай-ақ, аудан әкімдігінде өткен кеңейтілген отырысқа қатысып, жергілікті билік пен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне, Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы мен депутаттарына еліміздегі өзгеріске енген заңналамар туралы баяндап өтті. Депутат Әли Бектаев Парламент отырысында монополистердің жұмысы бойынша, арнайы экономикалық және индустриалды аймақ туралы қатысты өзгертілген заңдарға тоқталды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, дәрілік заттар мен медицина бұйымдарына, халықты жұмыспен қамтуға, тұрғын үй қатынастарына, қаржылық қызметке байланысты заңдарды да түсіндірді. Ал, Әлімжан Құртаев 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауы мен Арыс қаласында болған жағдайдан кейінгі нәтижелі жұмыстардың барысына тоқталды. Жиын соңында халық қалаулылары тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын жазып алды.

Соңғы жаңалықтар