USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Сенаторлар сот жүйесін одан әрі реформалау туралы заң жобаларын қарайды

2021 жылғы 8 желтоқсан 18:11
Бөлісіңіз:
Сенаторлар сот жүйесін одан әрі реформалау туралы заң жобаларын қарайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында депутаттар 9 желтоқсан күні палата отырысында қаралатын мәселелерді бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасының Қауіпсіздік Кеңесі мен ҚХА-да өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын түзетулер Сенатқа жолданды Мүгедектігі бар адамдар партиялық тізімдерге міндетті түрде енгізіледі – Қанат Мусин Мәжіліс депутаттық мандаттарды бөлуге қатысты заң жобасын мақұлдады

Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда енгізілді.

Заңнамалық өзгерістер сот өндірісіне IT-сервистерді енгізу, судья кадрларын конкурстық іріктеуді жүргізуге қосымша талаптар енгізу, сондай-ақ сот жүйесін қаржыландырудың жаңа үлгісін енгізу мәселелеріне қатысты болып отыр.

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да бірінші оқылымда қарайды.

Осы заң жобасы бойынша медиаторлар ұйымының негізгі міндеттері мен уәкілетті органның құзыреті айқындалды. Медиатордың құқықтары мен міндеттері нақтыланды. Онлайн-медиацияны дамытуға бағытталған түзетулер де қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT