+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Сенаторлар сайлау туралы Конституциялық заңның жобасын қарады

2021 жылғы 17 мамыр 19:20
Бөлісіңіз:
Сенаторлар сайлау туралы Конституциялық заңның жобасын қарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Владимир Волковтың төрағалығымен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат төрағасы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы арнайы заң қабылданады - Сенат Президент Қазақстан мен Әзербайжанның көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы заңына қол қойды

Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламентің Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау жүйесін енгізу үшін әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ, құжатта саяси партиялардың сайлау кезіндегі өту шегін төмендету көзделген. Бұл саяси бәсекелестікті арттыру үшін қажет. Соған сәйкес саяси партияларға депутаттық корпустан орын алу үшін сайлаушылардың 5 пайыз даусын жинаса жеткілікті болмақ. Одан бөлек, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу қосылады.

Комитеттеің кеңейтілген отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады.

Заң жобасының негізгі міндеттері жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайту, жергілікті халықтың өз конституциялық құқықтарын пайдалану кезіндегі белсенділігін арттыру және саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігін күшейту болып табылады. Одан бөлек, құжатта ауыл әкімін сайлау, оның құзіретін тоқтату, саяси партиялардың ауыл әкімдігіне кандидаттарды шығару тәртібіне және тағы басқа мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Заң жобалары Палатаның қарауына жолданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT