+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Сенаторлар Мұғалжар ауданында болды

2019 жылғы 22 тамыз 21:51
Бөлісіңіз:
Сенаторлар Мұғалжар ауданында болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаторлар Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аудан орталығы Қандыағашта сенаторлар көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен, көп балалы отбасылардың мәселелерімен танысты. Жергілікті кәсіпкер ашқан мектепке дейінгі «Бақытты бала» орталығында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар оқытылады. Аудан әкімі Асқар Шериязданов аудан орталығында демографиялық өсім қарқыны байқалатынын, бұрынғы жатақхана күрделі жөндеуден өтіп жатқанын, тоқсан пәтерлі тұрғын үй қазан айында пайдалануға берілетінін жеткізді.



Сенаторлар, сондай-ақ аудан орталығындағы өнеркәсіптік-экономикалық колледжде болды. Студенттер мұнда теориялық біліммен қатар тәжірибе жинақтағанымен, түлектерді жұмыспен қамтуда қиындықтар бар екені белгілі болды.

«Nur Otan» партиясының ғимаратында мәслихат депутаттары, аудан ақсақалдары мен тұрғындар жергілікті өзін-өзі басқару заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтып, жастарды жұмыспен қамту, білім беру саласындағы реформалар, дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы және медицина қызметтерінің сапасы туралы ұсыныс, пікірлерін айтты.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Құрания Аймағамбетов ардагерлердің санаторийлерде емделу мәселесін көтеріп, ардагерлердің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды.

Депутаттар, сонымен қатар тұрғын үйге мұқтаж көп балалы аналармен және әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен кездесті. Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратовтың айтуынша, тұрғын үйге кезекте 1100 адам, оның ішінде 110 көп балалы аналар бар. Сенатор Марат Тағымов мемлекет тарапынан қабылданып жатқан көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары туралы айтып өтті. Мұхтар Жұмағазиев ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру жөніндегі мемлекет бастамалары туралы хабардар етті.

Хромтау қаласында сенаторлар «Тау» агрофирмасы» ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшысы Тимур Ибрагимовтің айтуынша, кәсіпорын ай сайын 36 атаулы дайын өнім өндіреді. «Milky Land» маркалы сүт өнімі республиканың алты аймағына жеткізіледі. Кәсіпорын екі ауысымда жұмыс істейді, жұмыскерлердің орташа еңбекақысы 80 мың теңгені құрайды.



Сапар барысында сенаторлар Хромтау тау-кен техникалық колледжінің техникалық базасымен танысты. Бұл оқу орны тау-кен өнеркәсібіндегі ескі білім беру орталықтарының бірі болып табылады. Колледжде қосарлы оқыту жүйесі енгізілген. Түлектері бәсекеге қабілетті, жұмыспен қамтылған және одан ары шетелде білім алу мүмкіндігі бар.

Ақжар ауылдық округінде сенаторлар аудандағы табысты астық шаруашылықтарының бірі болып есептелетін «Ақжар-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Егіс алаңы 14 мың гектарға дейін кеңейді. Ауа райының құрғақтығына қарамастан шаруалық басшысы Қайрат Төлепбергенов бір гектардан 10 центнерге дейін астық жинауды жоспарлап отыр.

Мәртөк ауданындағы көшпелі семинар барысында Ақтөбе облысындағы мал шаруашылығын, мал азығы өндірісін және көкөніс шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылар «Алманов», «Нан», «Пригородное» шаруа қожалықтарының егістіктерінде болып, 2019 жылдың қыркүйек айында пайдаланылуға берілетін «Милкер» құрама жем зауыты құрылысының барысымен танысты. Кәсіпорын 2 527 гектар аумағында ірі және шырынды азықты қайта өңдеу және өндірумен айналысады.

Семинар барысында ауылшаруашылығы қожалықтарының басшылары, сарапшылар пікір алмасып, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Ақтөбе облысы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT