+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Сенаторлар кедендік әкімшілендіру мәселелерін талқылады

2021 жылғы 24 қыркүйек 21:59
Бөлісіңіз:
Сенаторлар кедендік әкімшілендіру мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Білім беру мекемелерін зейнеткерлер күзете ала ма – Сенатор сауалы Сенатта Каспий теңізін ластанудан қорғау туралы хаттама ратификацияланды Сенат Расул Рахимовті Есеп комитетінің мүшелігіне тағайындады

Онда ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге, кеден ісі саласындағы электрондық сүйемелдеуге және оны әкімшілендіруді жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды.

Сенат комитетінің төрағасы Ольга Перепечина кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Республикалық бюджет пен республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қарау кезінде сыртқы экономикалық қызмет, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру маңызды әрі өткір мәселелердің бірі болып табылады», - деді Ольга Перепечина.

Қаржы министрінің орынбасары Марат Сұлтанғазиев көшпелі отырысқа қатысушыларға кедендік электрондық декларациялау туралы айтып берді. Ол пандемия кезінде кеден қызметтерін қашықтан ұсыну 100% жүзеге асқанын айтты. Дегенмен министрдің орынбасары кедендік әкімшілендіруді толық жетілдіру үшін барлық процестерді кең ауқымда одан әрі цифрландыру қажет деп санайды.

Сенатор Ольга Перепечина отырысты қорытындылай келіп, ұсынылған материалдарды талдау негізінде Комитет уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін қосымша ұсынымдар әзірлейтінін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT