Сенаторлар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық туралы шартқа енгізілген өзгерістерді талқылады

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Онда депутаттар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық,ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын талқылады.

Еске салсақ, Хаттамаға 2012 жылғы маусымда Астанада екі Мемлекеттің басшылары қол қойған болатын. Шарттың мерзімін ұзарту қажеттігінің туындауы және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың өрістей түсуін ескере отырып, бірқатар ережелерді жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілуі және жаңа аймақтық ықпалдастық бірлестіктердің құрылуы Хаттамаға қол қойылуына негіз болды.

Хаттамада ұжымдық қауіпсіздікке, қорғаныс саласындағы ынтымақтастыққа, терроризм, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон,адам саудасы және тағы басқа сол секілді халықаралық сипаттағы қылмыстарға қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер бойынша түзетулер қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар