Сенаторлар Қазақстан-Литва арасында сотталғандарды ұстап беру мәселесін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдар комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғаларды және медициналық сипаттағы мәжүрлеу шараларын қолданылған тұлғаларды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында сенатор Дулат Құсдаулетов еліміздің бұл шартты не үшін ратификациялайтындығын түсіндіріп берді.

«Біздің Литвамен соталғандарға қатысты қайдан да бір проблемамыздың болуы міндетті емес. Бұл азаматтарымыздың құқықтық көмегінің аясын кеңейту мәселесі. Өйткені, бұл мәселер қылмыстық заңнамаға кіреді. Бұл қандай да бір себептермен өзге елде сотталған азаматтарымызды беру мәселесінде талап етіледі. Яғни, бұл азаматтарымыздың жазасын бізде өтеу конституциялық құқығын қорғау болып саналады. Заң жобасы біздің құқық қорғау органдарының, Ішкі істер министрлігінің қызмет аясын кеңейтеді»,- деді ол.null

Сонымен қатар, сенатор «медициналық сипаттағы мәжүрлеу шараларын қолданылған тұлғаларды ұстап беру» қандай мағына білдіретіндігін айтып берді.

Сенаторлар заң жобасын егжей-тегжейлі қарағаннан кейін оны Сенаттың жалпы отырысында қарауға шығару туралы шешім қабылдады.null

Соңғы жаңалықтар