Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Сенаторлар гектарлап жұлынып жатқан шұғынық гүлінің тағдырына алаңдаулы

2019 жылғы 19 маусым 18:14 1317
Бөлісіңіз:
Сенаторлар гектарлап жұлынып жатқан шұғынық гүлінің тағдырына алаңдаулы

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемде сирек кездесетін шұғынық гүлінен айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен «Қазақстандағы биологиялық алуантүрліліктің сақталуын заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты Үкімет сағатында сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысына барған кезде мынандай бір жағдайға тап болдық. Біздің ата-бабаларымызбен бірге мыңдаған  жыл бойы жасап келе жатқан бір киелі шөп, гүл бар. Оның аты шұғынық деп аталады. Шұғынық гүлі Қытай тауларында, Тарбағатайда, ішінара Алатауда өседі. Орталық Азияда басқа бірде-бір жерде кездеспейді. Қазіргі кезде осы гүлдің тамырындағы бір құртты алу үшін, жүздеген гектар шұғынықтың таудың етегіндегі алқабы құртылып кетіп жатыр. Одан қытайлар дәрі жасайды екен»,  -деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сенатор егер дәл осындай жабайы жолмен гүлдерді құрту жалғасатын болса, онда біз әлемдегі сирек кездесетін гүлдің осы түрінен айырылып қалуымыз мүмкін екендігін баса айтты.

«Бүгінде мемлекетіміздің кең байтақ даласында өсімдік көп. Өкінішке орай, бізде өсімдік әлемін тек қана ерекше қорғалатын табиғи қорықтарда қорғаймыз. Қалған жерлерде, 70 млн жеріміздің 60 млн  жеріндегі шөп ешқандай заңмен қорғалмайды», - деді осы мәселеге қатысты жауап берген  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Оның айтуынша, еліміздің бүкіл аумағындағы өсімдіктерді қорғау үшін «Өсімдік әлемі туралы» заң  қабылдау қажет. Қазіргі уақытта мұндай заңның тұжырымдамасы дайындалып та жатыр 

«Заң қабылданғаннан кейін еліміздің кез келген жеріндегі өсімдік әлемін қорғауға мүмкіндік туады. Бүгінгі күнге қатысты айтар болсақ, шұғынық гүлін қорғау үшін аймақтарға нақты тапсырмалар берілген, бақылауда. Қызыл мияны да бақылауда ұстап отырмыз», - деді вице-министр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT