Сенаторлар ЕҚЫҰ ПА күзгі сессиясының жұмысына қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Сенат депутаттары Д.Құсдәулетов пен М.Бортник құрамына енген Қазақстан Республикасының парламенттік делегациясы  3-5 қазан аралығында Андоррадағы Андорре-ла-Велья қаласында өтіп жатқан ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысына қатысуда.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Шара аясында Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Жерорта теңізі форумының жұмысына, сондай-ақ киберқауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік және білім беру мәселелерін талқылауға арналған «ЕҚЫҰ аймағындағы қауіпсіздік: жаңа қатерлер, жаңа міндеттер» парламенттік конференциясына қатысты.

Соңғы жаңалықтар