Сенаторлар денсаулық сақтауға қатысты мәселелерді бақылауда ұстап отыр - Асқар Шәкіров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары коронавирус пандемиясы кезінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және гуманитарлық көмекті бөліп, тарату мәселесі бойынша денсаулық сақтау, сыртқы істер, қаржы министрліктерінің және тағы басқа мүдделі ведомстволардың басшыларымен видео-конференция форматында кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында індеттің Қазақстанға тигізген зардабының себептеріне тоқталып, оның алдын алудың нақты шараларын анықтап берген болатын.

Іс-шараға қатысқан Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров қазіргі таңда депутаттар жұмыстарын өңірлерде жалғастырып жатқанын, бұл өз кезегінде елімізде қалыптасқан ахуалды нақты бағалауға мүмкіндік беретінін айтты.


«Сенат депутаттары денсаулық сақтауға қатысты мәселелерді бақылауда ұстап отыр және әрдайым қажетті көмек көрсетуге дайын. Азаматтардың өміріне қауіп төндірген ауыр жағдайдан кейін де бір ай уақыт өтті. Енді қайтып ондай олқылықтарға жол беруге болмайды», – деді Сенаттың вице-спикері Асқар Шәкіров.

Сонымен қатар, кездесуде шет мемлекеттерден келген гуманитарлық көмекті қабылдау, бөлу және қажеттілікке қарай олардың құрамы кеңінен талқыланды. Бұл мәселе бойынша еліміздің Сыртқы істер министрлігімен үйлесімді жұмыс істеу ұсынылды. Депутаттардың өңірлердегі сапарлары жалғасып жатқаны ескеріліп, қатысушылар алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу жөнінде ортақ мәмілеге келді.


Соңғы жаңалықтар