+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Сенаторлар бірқатар заң жобаларын қашықтан талқылады

2020 жылғы 7 сәуір 19:30
Бөлісіңіз:
Сенаторлар бірқатар заң жобаларын қашықтан талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті қашықтан отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Палатаның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, дистанциялық отырыс барысында бірқатар мәселелер талқыланды. Олардың ішінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болды. Бұл құжат бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмәди Сарбасов пен сенатор Әлімжан Құртаев баяндама жасады.

«Осы мәселені қарау барысында депутаттар Қазақстанның барлық өңірлерінің аумағында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қолдануды, оралмандарды уақытша орналастыру орталықтары мен бейімдеу және кіріктіру орталықтарының жұмыс істеуін, оралмандарды оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады. Депутаттар сондай-ақ заң жобасын әзірлеушілерге оралман тұрақты тұруға арналған құжаттарды алған кезде мемлекеттік баж салығын төлеуге, «оралман» ұғымын пайдалануға, сондай-ақ «қандас» және «репатриант» анықтамаларын енгізуге қатысты сұрақтар қойды», - делінген ақпаратта.

Одан кейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Бұл мәселе бойынша еліміздің энергетика министрінің орынбасары Қайрат Рахимов мен сенатор Михаил Бортник баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселені қарау барысында сенаторлар ядролық залалдар үшін ядролық қондырғы операторымен немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторымен жасалған азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасын төлеу көздерін талқылады.

Заң жобаларын талқылау нәтижесі бойынша комитеттің қорытындылары бас комитеттерге жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT