Сенаторлар Банкноттық фабрика және Теңге сарайының басшыларымен кездесті

None
None
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің бастамасымен депутаттар ҚР Ұлттық банкіне қарасты Банкноттық фабрика және Теңге сарайының басшыларымен кездесті.

Жүздесу барысында Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Рашит Ахметов кездесудің Ұлттық валюта - теңге күні қарсаңында орайласқан маңызына тоқталып өтті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ұлттық валюта - теңге айналымға 15 қараша 1993 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен енгізілген болатын. Осыған орай, жүздесу барысында еліміздің ұлттық валютасының тарихына көз жүгірткен сенатор Р. Ахметов әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында теңгенің тұрақтылығына назар аударды. «Бұл ретте әсіресе Ұлттық Банк арқылы мемлекеттік ақша-кредиттік саясаттың жүргізіп отырған рөлі маңызды болып табылады», - деді депутат.

Жүздесу барысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Б. Тәжіяқов, Банкноттық фабрика басшысы Ж. Қажымұратов пен Теңге сарайының басшысы Ф. Туғанбаевтар сөз сөйлеп, сенаторлар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар