Сенаторлар Азық-түлік корпорациясын отандық өндірушілердің мүддесін қорғауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында Қазақстанның экспорт саясатының келешегі мен негізгі бағыттарына арналған дөңгелек үстелде депутаттар «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-ның жұмысын сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» тек бизнес компания болып қалды, яғни мемлекеттің тарапынан оларға қойылатын үлкен талапты орындап жатыр деп біз айта алмаймыз. Негізінде, олар Қазақстанда өнім, астық өндіретіндердің құқығын қорғауы керек және әлемдік аренада  мүддесін қорғауы тиіс. Осы орайда отандық өндірушілердің атынан үлкен көлеммен шығуы қажет. Алайда олар өздері сатып алған шағын ғана өніммен шығып жатыр. Бұл ретте корпорация ішкі астық компанияларына бәсекелес болып отыр»,-деді Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, корпорация құрылған кезде оған үлкен мақсаттар жүктелген, алайда бүгінде бизнес құрылым ретінде ғана көрініп отыр.

«Осы орайда олар өздерінің бизнес мүддесі аясынан шыға алмай жүр. Біз Қазақстанның бизнес құрылымының мүдделерін қорғайтын корпорацияны көргіміз келеді»,-деп түйіндеді сөзін сенатор.

Соңғы жаңалықтар