Сенаторлар «Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясының жұмысымен танысты

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының нысандарын аралап, көшпелі отырыс өткізді.

Сенаторлар бірінші кезекте Ақмола облысы бойынша Целиноград аудандық Халыққа қызмет көрсету департаментінің №1 аудандық бөлімінде болды.  Одан кейін Астана қаласындағы жер кадастры және жылжымайтын мүліктерді техникалық тексеру департаментінің директоры Е.Ташпенбетов осы мекеменің жұмысымен депутаттарды таныстырды.

Сенат депутаттары Астана қалалық «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының қарсы және бэк-кеңселерінде болды. Оның жұмысымен осы дирекцияның директоры Б.Жүнісов хабардар етті.

Көшпелі отырыс кезінде Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы А.Бейсенбаев есеп беретін Үкіметті қалыптастыру аясында «бір терезе» қағидасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетулер саласындағы«Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясы қызметінің  маңызы зор екенін атап өтті.

Шара барысында  ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, ұлттық экономика министрінің орынбасары А.Жұмағұлов және «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Оспанов ұйымның келешегі мен өзекті мәселелері туралы баяндама жасады.

Сенат комитетінің төрағасы А.Бейсенбаев отырысты қорытындылады. Ол корпорация қызметінің тиімді жақтарын атап өтіп, түрлі анықтамалар мен құжаттар алу бағытында әкімшілік кедергілер мен мерзімін қысқартуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтты. 

2

Соңғы жаңалықтар